АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Астана қаласының Орталық саябағы маңында Есіл өзеніне 250 мың балық шабағы жіберілді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Есіл өзеніне 250 мың шабақ жіберілді
© Photo : Астана әкімдігінің ресми сайты.
Шабақтар Зеренді балық питомнигінде республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік тапсырыс аясында өсірілген.
Балық жіберуге Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті, Астана қаласы әкімдігі, қоғамдық ұйым өкілдері, С.Сейфуллин атындағы ҚазҰАТУ студенттері және Астана тұрғындары қатысты.
Есіл өзеніне 250 мың шабақ жіберілді
© Photo : Астана әкімдігінің ресми сайты.
Табиғи су қоймаларындағы балық ресурстарын сақтау және тұрақты пайдалану мақсатында, сондай-ақ Астана тұрғындарының демалуына рекреациялық жағдайлар жасау мақсатында жыл сайын балық жіберу жұмыстары жүргізіледі.
Есіл өзеніне 250 мың шабақ жіберілді
© Photo : Астана әкімдігінің ресми сайты.
Айта кететін жайт, балық шаруашылығы кәсіпорындары қазан айының соңына дейін Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл және Есіл бассейндерінің су қоймаларына тағы 15 млн балық шабағын жіберуді жоспарлап отыр.