АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. ЕЭК өнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары Георгий Арзуманян ЕАЭО-да өнеркәсіптік кооперация қалай жұмыс істейтіні туралы айтты.
Еуразиялық одақ елдеріндегі өнеркәсіптік кооперация жобаларын қаржыландыру тетігі олардың әрқайсысында ұлттық тарифтерді субсидиялауды көздейді, деді Георгий Арзуманян.
"Мысалы, егер Ресейде қайта қаржыландыру мөлшерлемесі 19%-ды құраса (Қазақстанда 14,25%), бағдарлама бұл 19%-ды өтейді, ал бизнес жобаны жүзеге асыруға жылына 4-5% көлемінде қаражат алады", - деді ол.
Өнеркәсіптік ынтымақтастықты қаржыландыру бағдарламасына "Еуразиялық бестіктің" банктері мен даму институттары қатыса алады, деді Арзуманян.
"Тізімді ұсыныс ретінде премьер-министрдің орынбасарлары деңгейіндегі кеңес бекітті. Тізімге 5 елден 63 банк пен 8 даму институты кірді - бұл тізім әлі де ұлғаяды", - деді ол.