Түрік компаниясы Қызылорда облысында ирригациялық жүйелер өндіретін зауыт салады

Компания өкілдері Қазақстанның тағы бірнеше облысында осындай зауыттар салуға дайын екенін мәлімдеді
Sputnik
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Түркияның AKPLAS компаниясы Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы ирригациялық жүйелерін өндіретін зауыт салады, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Өңір билігі жобаға ауданы 22 га жер телімін бөлді.
"Мұндай кәсіпорын су шығынын азайтуға және өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Бізде су үнемдейтін жабдықтарды сатып алу үшін қолайлы жағдай жасалған, оның ішінде фермерлердің шығыны 80%-на дейін субсидияланады. Біз өз тарапымыздан жобаны іске асыруға көмек көрсетуге дайынбыз", - деп атап өтті ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.
Компания өкілдері Қазақстанның тағы бірнеше облысында осындай зауыттар салуға дайын екенін мәлімдеді.
Министр Ресеймен шекаралас Солтүстік Қазақстан облысында AKPLAS зауыттарын салудың маңыздылығын атап өтті, бұл осы елге өнім жеткізуді ұлғайтуға ықпал етуі мүмкін.
Қазіргі уақытта Қазақстанда су үнемдеу технологиялары қолданылатын суармалы жерлердің жалпы ауданы 384 мың гектарды құрайды.