Тоқаев Қырғызстанмен шекарада сауда-логистикалық кешен салу туралы заңға қол қойды

Sputnik
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы "Қарасу" және "Ақ-Тілек" автожол өткізу пункттері ауданында индустриялық сауда-логистикалық кешенді құру және оның қызметін реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Келісім кешеннің жалпы аумағын белгілейді, ол 7,6 шаршы шақырымды құрайды, оның қазақстандық бөлігінің ауданы 3,6 шаршы шақырымды, қырғыз бөлігінің ауданы 4 шаршы шақырымды құрайды.
Естеріңізге сала кетейік, сауда-логистикалық кешенді салу туралы шешім 2023 жылдың маусым айында екі ел үкіметтері арасында қабылданған болатын. Ағымдағы жылдың сәуір айында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров 2030 жылға қарай тауар айналымын 3 миллиард долларға жеткізу туралы келісті.
Олар Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында дәл осындай кешен салуды жоспарлап отыр.