"Пәтер сатып әперемін": 12 жыл іздеуде жүрген алаяқ әйел ұсталды

Sputnik
АЛМАТЫ, 18 қыркүйек – Sputnik. Алаяқтық жасағаны үшін 12 жыл жасырынған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Ақмола облыстық прокуратурасы.
Күдікті 17 қыркүйекте Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіруімен Алматы қаласы ПД криминалдық полиция қызметкерлері ұстады.
"Алаяқтықтың 13 эпизодын жасаған Р. Азаматшасы ұсталды. 2012ж. маусым айында күдікті Көкшетау қаласында мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сатып алуға көмек көрсету сылтауымен алдау және сенімін асыра пайдалану арқылы аса ірі мөлшерде ақша қаражатын заңсыз иемденген", - дейді ведомство.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Жасалған қылмыс үшін күдіктіге мүлкі тәркіленіп, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.