Астанадағы қонақүйде полиция қызметкерлері есірткі сатушыларды ұстады

Sputnik
АЛМАТЫ, 18 қыркүйек – Sputnik. Елордадағы қонақүйлердің бірінде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері үш адамнан тұратын топты ұстады, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.
Ұсталғандардың есірткіні граммен бөліп салып, онлайн дүкен арқылы сатқаны анықталды. Олар атқарылған жұмыс туралы есепті журналға жазып отырған. Үй-жайды тінту кезінде 358 орам есірткі заты тәркіленді.
Жүргізілген сараптаманың қорытындысына сәйкес тәркіленген зат салмағы 500 грамм болатын мефедрон екені расталды. Есірткі заттарын өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.