АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысы "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" трассасының 526-шы шақырымында үш көлік соқтығысып, апат салдарынан жеті адам көз жұмды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
"Cadillac Escalade" маркалы көлігінің жүргізушісі алдыңғы көлікті басып озып, қарсы бағытқа шығуы салдарынан сол бағытта келе жатқан "DAF" маркалы жүк көлігімен соқтығысуға жол берді. Нәтижесінде "Cadillac Escalade" көлігі өз жолағына түсіп, "Газель" маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Соқтығысқаннан кейін екі көлік те бірден өртеніп кеткен",- делінген хабарламада.
"Газель" көлігін жүргізіп келе жатқан 37 жастағы жүргізуші, "Cadillac Escalade" көлігінің 30 жастағы жүргізушісі мен осы көліктің ішіндегі бес жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Оның ішінде 2 жасар бала бар.