Астанаға Орталық Азия елдерінің басшылары келді

Олар "Орталық Азия – Германия" мемлекет басшыларының кездесуіне қатысады
Sputnik
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстанға жұмыс сапарымен келді.
Садыр Жапаров Астанаға келді
Елорда әуежайында Садыра Жапаровты вице-премьер Ғалымжан Койшыбаев, ал Эмомали Рахмон мен Шавкат Мирзиеевті премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қазақстанға жұмыс сапарымен келді
Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Германия канцлерінің кездесуі өтеді деп жоспарланып отыр.
Шавкат Мирзиёев Астанаға келді