АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Ресейдің сыртқы істер министрлі нацизмді дәріптеу, неонацизмнің таралуы және нәсілшілдіктің, нәсілдік кемсітушіліктің, ксенофобияның және соған байланысты төзбеушіліктің заманауи түрлерінің өршуіне ықпал ететін басқа да тәжірибелердің жағдайы туралы кезекті жыл сайынғы баяндама жариялады.
Биыл баяндама 3 қыркүйек – милитаристік Жапонияны жеңген және Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталу күніне орайластырылып отыр.
Бұл баяндама дәстүрлі түрде "Нацизмді, неонацизмді және нәсілшілдіктің, нәсілдік кемсітушіліктің, ксенофобияның және соған байланысты төзбеушіліктің заманауи түрлерінің өршуіне ықпал ететін басқа да тәжірибелерді дәріптеуге қарсы күрес" жөніндегі қарарының ережелеріне негізделген. Бұл қарарды Ресей дүниежүзінің барлық аймағының тең авторларымен бірге жыл сайын БҰҰ Бас Ассамблеясының қарауына ұсынады.
"Дүниежүзілік қауымдастық мүшелерінің басым көпшілігі бұл мәселеде ресейлік көзқарасты қолдайтынын айта кеткен жөн. Мысалы, 2023 жылы ресейлік қарарды 118 ел қолдады. Оған тек 49 делегация, соның ішінде АҚШ пен Украина, сондай-ақ ЕО-ға мүше елдер қарсы шықты", - делінген мақалада.
Мақалада тарих қайталанып жатқаны, нацистік Германия мен милитаристік Жапонияда болған жағдайлар қазіргі уақытта да көрініс бере бастағаны жазылған.
"Украинаны денацификациялау және демилитаризациялау және Донбастың бейбіт тұрғындарын қорғау бойынша арнайы әскери операцияның басталғаннан кейін "ұжымдық Батыс" елдері нацистік Киев режимі ұсынған фашистік идеологияны ашық түрде қолдап жатыр. Бұл мемлекеттер өз экономикасы мен халықтың әл-ауқатына нұқсан келтіре отырып, неонацистік топтар кіретін Украина қарулы күштерін қарумен жабдықтауды тоқтаптай отыр", - делінген мақалада.
Сонымен қатар, баяндамада келтірілген фактілер Ресейдің нәсілдік кемсітушіліктің мұндай ашық көріністері туралы қорғаған тезисін растайтыны, нацизмді дәріптеу Нюрнберг трибуналының өзгермейтін шешімдеріне нұқсан келтіретіні айтылған.