АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Шымкент қаласында құрылыс компаниясына алданған ер адам 32 млн теңгесін қайтарып алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне сілтеме жасап.
Комитетке шағым түсірген қала тұрғыны бір тұрғын үйдің құрылысына ақша салған. Келісімшарт бойынша пәтер 3-ші қабаттан берілуі тиіс. Алайда үй салынғаннан кейін оған 7-ші қабаттағы басқа пәтерді ұсынған. Ер адам келіспей, ақшасын қайтаруды талап етті. Бірақ мердігер бермей қойды.
"Департамент мамандары кеңес беріп, заңды көмек көрсеткеннен кейін тұтынушы өзінің 32 миллион теңгесін қайтарып алды. Бұл сатушыны қажетсіз шешімді таңдауға мәжбүрлеген кезде өз құқықтарын білу және қолдау алудың маңыздылығын көрсететін айқын мысал", - дейді мамандар.
Комитеттің мәліметіне сәйкес, автосалондар да сапасыз тауар сатып жатады. Мәселен, Астана қаласында бір тұтынушы "Kia Sportage" маркалы автомобиль сатып алған. Бірақ көлік соғылған болып шықты. Тұтынушы басқасына ауыстыруды талап етті, ал автосалон уақытты созуға тырысты.
Комитет мамандары ер адамға шағым жазуға көмектесті. Соның нәтижесінде оның көлігін 8,4 миллион теңге болатын жаңа автомобильге ауыстырылды. Алматы қаласында да ұқсас жағдай болды, онда тұтынушы ақауы бар "EXEED VX" автомобилін сатып алып, артынан 21 миллион теңгесін қайтарып алды. Жалпы, тамыз айында ғана мамандардың көмегімен 49 тұтынушы 184,2 миллион теңге қайтарылды.