Фото

Мұхит пен теңіздегі тіршілік иелерінің ең үздік суреттері анықталды - фото

Ocean Photographer of the Year 2024 байқауының жеңімпаздары түсірген теңіз және мұхит "тұрғындарының" өмірінен керемет көріністерді суреттер топтамасынан қараңыздар
Sputnik
Күлкілі кішкентай балықтар, Багам аралдарында суға батқан кеме, құтқарылған тасбақа, мұз айдынында ұйықтап жатқан ақ аюлар, киттер, акулалар, скаттар, сегізаяқтар, асшаяндар және басқа да көптеген су асты тұрғындары жыл сайынғы беделді халықаралық Ocean Photographer фотосуреттерінің "бас кейіпкерлеріне" айналды.
Үздік суреттер 15 мыңнан астам жұмыстың арасынан таңдалды.
1 / 15

Мексиканың Оңтүстік Калифорния жағалауларында түсірілген бұл суреттің авторы - Рафаэль Фернандес Кабальеро. Бұл жұмыс "Жылдың ең үздік суасты фотографы" номинациясында жеңді.

2 / 15

Тайвань фотографы Джейд Хоксберген түсірген бұл сурет екінші орынды иеленді.

3 / 15

Вьетнам фотографы Тьен Нгуен түсірген балықшы қайығынан су астына таралып жатқан аулардың суреті үшінші орынға лайықты деп танылды.

4 / 15

Өз "олжасын" көрсетіп тұрған дельфин-балықтың суреті үшін Испания фотографы Мануэль Кастельянос Рабосо "Жабайы табиғаттың ең үздік фотографы" деген атаққа ие болды.

5 / 15

Үшінші орын алған Ресей фотографы Андрей Шпатак Тынық мұхитында тіршілік ететін сегізаяқтың суретін түсірген.

6 / 15

Канаданың Ванкувер аралында түсірілген бұл суретте ұсақ итбалықтар бейнеленген. Шейн Гростың бұл жұмысы "Суасты фотопортреті" номинациясында үздік деп танылды.

7 / 15

Қытай фотографы Чжан Сян бұл суреті "Байланыс: адамдар және Мұхит ғаламшары" номинациясында бірінші орынды иеленді.

8 / 15

"Жылдың ең үздік саяхатшы фотографы" номинациясында Тобиас Фридрих жеңді. Ол өз дайвер әріптестерімен бірге мұхит астына кеткен теңізді зерттеген.

9 / 15

Сейшель аралдарында түсірілген осы сурет үшін Канада фотографы Шейн Гросс "Табиғатты қорғау бойынша ең үздік фотограф" номинациясында бірінші орын алды. Суретте жасыл теңіз тасбақасы қайтадан суға жіберіліп жатқан сәт бейнеленген.

10 / 15

Француздық фотограф Флориан Ледудың бұл суреті қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Ақ аюлар мұз бетінде демалып жатыр.

11 / 15

Даниялық фотограф Фредерик Брогаардтың жұмысы "Қоршаған ортаны қорғау" номинациясында бірінші орын алды.

12 / 15

Ұлыбританиялық фотограф Джейкоб Гай "Жылдың үздік жас фотографы" номинациясында бірінші орынды иеленді.

13 / 15

Мальдивтік фотограф Айпа Уид Линн түсірген бұл суретте ұсақ балықтардың иірім қоршауында тұрған аналық кит бейнеленген.

14 / 15

Индонезиялық фотограф Аджиекс Дхарманың жұмысы да қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Ол тауыс-асшаян-дәуіііттің әр алуан түстерін суретке түсіріп алған.

15 / 15

"Бейнелеу өнері" номинациясында үздік деп танылған фотограф Хенли Спирс түснгі уақытта қорек іздеп жүрген скаттардың үйлесімді қимылыс суретке түсіріп алған.