Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Еуроодақ Киевке қанша оқ-дәрі жеткізгенін мәлімдеді

Одақ 155 калибрлі снарядтар өндірісін кеңейтуге бағытталған бастаманың да жүзеге асырылып жатқаны айтылды
Sputnik
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Еуропалық Одақ Киевке бір миллион оқ-дәрі жеткізу жөніндегі өз міндеттемесінің 70 пайызын орындады. Бұл туралы Еуропалық комиссияның вице-президенті Валдис Домбровскис Страсбургтегі Еуропарламенттің пленарлық отырысында айтты, деп хабарлады РИА Новости.
"Еуроодақ Украинаны миллиондаған оқ-дәрімен қамтамасыз ету бастамасын жүзеге асыруды жалғастыруда және одақ бұл тапсырманы 70%-ға орындады", - деді ресми өкіл.
Оның айтуынша, "Еуроодақ пен мүше елдер осы уақытқа дейін Украинаға әскери көмек ретінде 43,5 миллиард еуро бөлді, оның ішінде 6,1 миллиард еуро Еуропалық бейбітшілік қорынан берілді".
Сондай-ақ ол 155 калибрлі снарядтар өндірісін кеңейтуге бағытталған бастаманың да жүзеге асырылып жатқанын айтты.
"Еуроодақ елдері 155 калибрлі оқ-дәрілердің өндірісін жылына 1,4 миллионға дейін ұлғайтты", - деді ол.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Еуроодақ Киевтің Курск аймағында Батыс қаруын қолданғанына қатысты пікір білдірмейді
Домбровскис тамыздың соңында Еуроодақ дипломатиясының басшысы Жозеп Боррельдің Украина әскерилері үшін ЕО даярлау миссиясын кеңейту және даярланған сарбаздар санын 60 мыңнан 75 мыңға дейін арттыру туралы шешімін де растады.
Бұған дейін Еуроодақ дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель еуропалық елдерде Украинаға жеткізілетін жүктердің кесірінен әскери резервтер таусылғанына шағымданған.
Мәскеу Украинаға қару-жарақ жеткізу жағдайды реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Ресей бұған дейін Украинаға қару-жарақ жеткізілуіне байланысты НАТО елдеріне ескерту жіберген. Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Украинаға қару-жарақ жіберген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысана болатынын айтты. Ресей Федерациясының сыртқы саясат ведомствосы НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізу арқылы "отпен ойнап отыр" деп мәлімдеді.