ЕЭК роумингті жою жоспарын жыл соңына дейін ұсынады

Бұл Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің аумағындағы ұялы байланысқа әсер етеді
Sputnik
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. ЕЭК жыл соңына дейін роумингті жою жоспарын ұсынады.
Бұл туралы ЕЭК Монополияға қарсы реттеу департаментінің директоры Сергей Максимов мәлімдеді.
"Қазіргі уақытта комиссия байланыс жөніндегі жұмыс тобымен бірлесіп жоспардың соңғы шараларын жүзеге асыруда, атап айтқанда: ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумақтарында халықаралық роумингте ұялы байланыс қызметтеріне әділ тарифтерді пайдалану ережелерін әзірлеу. Бұл тарифтік қадамды, көрсетілетін байланыс қызметтерінің көлемін және ұйымға мүше мемлекеттердің байланыс операторлары арасындағы өзара іс-қимылдың басқа да аспектілерін анықтауға көмектеседі", - деді Максимов.
Осы жылдың соңына дейін ереже жобасы комиссия алқасының бекітуіне ұсынылуға тиіс. Қазіргі уақытта ЕАЭО-ға мүше елдердің мемлекеттік органдары мен байланыс операторлары қауымдастық аумағында роумингте байланыс қызметтеріне "әділ тарифтерді" енгізу мәселесін талқылап жатыр.