Қырғызстанның Көкбөрі федерациясы Қазақстанды Келісім кубогын өткізуге шақырды

Төреші басқа елден болады
Sputnik
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Қырғызстанның Көкбөрі федерациясы Қазақстан тарапына Келісім кубогын 1 қарашада Ыстықкөл жағасында өткізуді ұсынып отыр, деп хабарлады Көкбөрі федерациясының басшысы Рамис Жүнісәлиев баспасөз мәслихатында.
Ол Қазақстанның көкпар федерациясына шақыру хат жолданғанын атап өтті.
"Біз сол құраммен көкбөрі мен көкпарды 1 қарашада ойнауды ұсынамыз. Бұл ойын екі халықтың арасындағы алауыздыққа себеп болмауы керек. Біз халықтарымыздың келісімі үшін жеке амбициядан бас тартуға дайынбыз. Төреші басқа елден болады", - деді Жүнісәлиев.
Бұған дейін Астанада өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпар финалы жанжалмен аяқталған болатын.
Көкпаршылардың бас бапкері халықтың ашуына тиген мәселені түсіндірді