АЛМАТЫ, 16 қыркүйек - Sputnik. Құны 12,5 млрд теңге болатын ірі жобаны Ақмола облысында "CAPITAL projects LTD" ЖШС - "Курочка Ряба" брендімен өнім шығаратын компания іске асыруда.
Кәсіпорын "Шаңырақ" компаниялар тобына кіреді, онда тауық еті мен жұмыртқа өндірісінің толық циклі іске асырылады.
Зауыт жаңа шығарылған тауық жұмыртқаларымен салыстырғанда сақтау мерзімі ұзағырақ, аспаздық және сапалық сипаттамалары жақсырақ қауіпсіз пастерленген сұйық және құрғақ жұмыртқа өндіруде маманданады.
Кәсіпорынның қуаты тәулігіне 1 млн жұмыртқаны құрайды. Жобаны іске асыру үшін компания жұмыртқа өнімдерін өндіруде әлемдік көшбасшы - Thornico (Sanovo) компаниясымен келісімге қол қойды. Бұдан басқа, жобаны қаржыландыруда мемлекеттік қолдау шаралары пайдаланылатын болады.