АЛМАТЫ, 16 қыркүйек – Sputnik. Қырғызстанның Көкбөрі федерациясы Ыстықкөлде Келісім кубогын өткізуді ұсынып, Қазақстан көкпаршыларына шақырту жіберген. Қазақ спортшылары Sputnik Қазақстан тілшісіне бұл ақпаратты растады.
Қырғызстан қазақ тарапына 1 қарашада Келісім кубогын өткізуді ұсынып, шақырту жіберген. Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының мамандары шақыртуды алғанын айтты.
"Шақырту хат енді келді. Шақыртуға барамыз немесе бармаймыз деп үзілді-кесілді кесіп айтуға ерте. Көкпарға шабатын жылқылардың жағдайын, көкпаршылардың жағдайын біліп алу керек, оларға реабилитация керек пе, жоқ па? Жалпы, қырғыз ағайындарға ресми жауап беріледі", - деді Sputnik Қазақстан тілшісіне Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы мамандары.
Естеріңізге сала кетейік, көшпенділер ойындарындағы көкпардан Қырғызстан мен Қазақстан құрамалары арасындағы финалдық кездесу жанжалмен аяқталды.