Пушкин атындағы институт оқушыларға арналған халықаралық орыс тілі олимпиадасын өткізеді

Пушкин атындағы мемлекеттік орыс тілі институты шетелдік оқушыларға арналған орыс тілі бойынша ХХ халықаралық олимпиадаға қатысуға өтініштер қабылдауды бастады
Sputnik
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Пушкин атындағы мемлекеттік орыс тілі институтының негізін қалаушы Виталий Костомаровтың туғанына 95 жыл толуы қарсаңында шетелдік оқушыларға арналған ХХ халықаралық орыс тілі олимпиадасына қатысуға өтініштер қабылдау басталды. Биыл олимпиада орыс ақынының 225 жылдығына орайластырылды.
Биылғы жылы орыс тілі олимпиадасын Александр Пушкин атындағы мемлекеттік институт 20-шы рет өткізіп отыр. Оған қатысуға шетелдік мектептердің жоғары сынып оқушылары, оның ішінде орыс тілінде оқытатындар, сондай-ақ 14-18 жас аралығындағы жеке қатысушылар шақырылады.
“Олимпиада екі конкурстық бағыт бойынша өтеді: орыс тілін шет тілі ретінде оқитын шетел мектептерінің жоғары сынып оқушылары үшін және орыс тілінде оқытатын шетел мектептерінің жоғары сынып оқушылары үшін”, - делінген институт сайтында жарияланған ақпаратта.
Ережеге сәйкес, олимпиадаға қатысу үшін “Орыс тіліндегі білім” порталында тіркелу керек, содан кейін олимпиада парақшасындағы қатысушы анкетасын толтыру қажет. Мұны Мәскеу уақытымен 22 қыркүйек 23:59 дейін орындау керек.
“Олимпиада үш кезеңде өтеді: қашықтағы форматта іріктеу кезеңі және жартылай финал, финал Мәскеуде 2024 жылдың 30 қазаны мен 3 қарашасы аралығында офлайн өтеді. Ұйымдастыру комитеті Олимпиада финалистерінің Мәскеуге бару және кері қайтуға, баспана және тамақтану шығындарын, сонымен қатар мәдени бағдарламамен қамтамасыз етеді”, - деп хабарлады ұйымдастырушылар.
Толығырақ ақпаратты олимпиада парақшасвнан білуге болады.
Еске салайық, шетелдік мектеп оқушыларының халықаралық орыс тілі олимпиадасы орыс тілінің халықаралық қатынас тілі ретіндегі мәртебесін нығайту, сондай-ақ шетел азаматтарының орыс тілінде терең білім алуға деген қызығушылығын сақтау және арттыру мақсатында 1972 жылдан бері өткізіліп келеді.
2024 жылы Пушкин атындағы институт олимпиаданы Ресей Федерациясының сыртқы істер министрлігі, Ресей Федерациясының ғылым және жоғары білім министрлігі және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, шетелде тұратын отандастар және халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық істері жөніндегі федералдық агенттік (Россотрудничество) қолдауымен Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің халықаралық қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырады.