АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Германия канцлері Олаф Шольц Астанаға ресми сапармен келді. Оны Ақордада Қазақстан президенті қарсы алды.
Дәстүр бойынша Ақордада екі елдің үкімет мүшелері бас қосты. Салтанатты рәсімнің ресми бөлігі басталғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Олаф Шольц делегация мүшелерін бір-бірімен таныстырды.
Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.
Салтанатты рәсімнен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Олаф Шольц келіссөз залына барды.