АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. ЕАЭО қаптама қауіпсіздігінің талаптарын жаңартты. 2012 жылдан бері қолданылып келе жатқан техникалық регламенттерге түзетулер келесі жылдың наурыз айында күшіне енеді. Әзірге Еуразиялық одаққа мүше мемлекеттерге нарықты сол түзетулерге бейімдеуге уақыт берілді.
Өйткені ЕАЭО елдерінде қаптаманың қауіпсіздігін тексеретін бірыңғай шарттар мен тәртіп болмаған.
Осыған байланысты одақ мемлекеттері кәсіпкерлерге шектен тыс талаптар енгізді, деп хабарлады Қазақстанның сауда министрлігі.
"Нарық қатысушылары өз тауарларын ЕАЭО-дағы серіктес елдердің нарығына тез және тиімді жеткізе алады", - деді министрліктегілер.
Сонымен қатар өзгерістер енді ЕАЭО деңгейінде бірыңғай стандарттарды басшылыққа алатын сынақ зертханалары мен тіркеу органдарының жұмысына оң әсер етеді.
Түзетулер бизнестің жұмысын жеңілдетеді және қаптаманың сәйкестігін бағалаудың нақты процесін қамтамасыз етеді.