АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы жыл басынан бері мемлекетке құны 497 млн теңгеден асатын жер учаскелерін қайтарды.
Мысалы, Тайынша және Уәлиханов аудандарында Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы меншік иелері жалпы ауданы 25,1 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған.
Қадағалау шараларының арқасында сот тәртібімен жер мемлекетке қайтарылды және бүгінде заңды экономикалық айналымға тартылып жатыр.