АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Мадридтегі Палестина отырысына қатысушылар Филадельфия дәлізін қоса алғанда, Газа секторынан Израиль әскерлерінің толық шығарылуын және Рафах өткелінің бақылауын Палестина ұлттық әкімшілігіне (ПҰӘ) қайтаруды талап етті, делінген бірлескен мәлімдемеде.
Мадридте Еуропа елдерінің өкілдерімен Газа секторындағы жағдай бойынша араб-ислам байланыс тобының отырысы өтті.
"Біз Палестина билігіне Рафах өткелі мен шекараның қалған бөлігінің толық бақылауын қайтаруға және Израиль әскерін Газадан толығымен, соның ішінде Филадельфия дәлізінен шығаруға шақырамыз", - деп жазылған Мысыр Сыртқы істер министрлігі жариялаған кездесуге қатысушылар жасаған бірлескен мәлімдемеде.
Газа секторы бойынша араб-ислам байланыс тобы Газада бейбітшілік орнату мақсатында өткен жылдың 11 қарашасында Ислам Ынтымақтастық Ұйымы мен Араб Мемлекеттері Лигасы тарапынан Эр-Риядта құрылды. Бұл миссия Сауд Арабиясы, Катар, Мысыр, Индонезия, Иордания, Нигерия, Палестина және Түркияның сыртқы істер министрлеріне, сондай-ақ екі ұйымның бас хатшыларына және мәселеге мүдделі басқа елдерге жүктелді.