Ұшқыр бәйге: 1600 метрде жүлделі үш орынды да Қазақстанның жүйріктері алды

Кабирханның иесі Тілек Мұханбетқалиевтің "Шағала" атты жүйрігі мәре сызығын бірінші болып кесті
Sputnik
АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Астанада өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ұшқыр бәйгеден 1600 метр жеңімпаздары анықталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
1600 метрлік тызетпеде мәре сызығын әйгілі Кабирханның иесі Тілек Мұханбетқалиевтің "Шағала" атты жүйрігі бірінші болып кесті. Екінші орынды Қазақстанның тағы бір жүйрігі "Арлан" иеленсе, үздік үштікті де еліміздің жүйрігі "Струна" түйіндеді.
1-орын: Шағала, жокей – Рамазан Табылдиев, бапкері – Нұржігіт Табылдиев, ат иесі – Тілек Мұханбетқалиев (Қазақстан);
2-орын: Арлан, жокей – Мырзабек Каппушев, бапкері – Тұрғанжан Юлдашев, ат иесі – Мерхат Бұлғынов (Қазақстан);
3-орын: Струна, жокей – Расул Алпысбай, бапкері – Есбол Нұрасылов, ат иесі – Асылан Жиембет (Қазақстан)