ҰҚК қызметкері қырғыз көкпаршысына қысым көрсетті: комитет ақпаратты жоққа шығарды

Sputnik
АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. 12 қыркүйекте БАҚ-та және әлеуметтік желілерде Қырғызстан құрамасының көкпар ойыншысына Ұлттық қауіпсіздік қызметі қызметкері қысым көрсеткені туралы ақпарат таралды. Бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейді деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
"Ұлттық қауіпсіздік қызметі қызметкерлері 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу барысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан жоқ", — делінген хабарламада.
Комитет тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.
Қазақ көкпаршылары қырғыздармен болған кикілжіңнің себебін жариялады