АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда саясаты департаментінің директоры Владимир Серпиков 10-11 қыркүйекте Ашхабадта өткен Түрікменстанның инвестициялық форумына қатысты, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.
“Владимир Серпиков цифрлық трансформация және жасыл экономикаға арналған екі тақырыптық панельдік сессияда баяндама жасады, онда ол форум қатысушыларын сауда және логистикадағы цифрландыруды дамытудың өзекті мәселелері, сондай-ақ ЕАЭО аясындағы климаттық күн тәртібін әзірлеу туралы хабардар етті”, - деп жазылған хабарламада.
Баяндама барысында жүк тасымалдауды цифрландыру, навигациялық пломбаларды енгізу, өнімді таңбалау және климаттың өзгеруіне қарсы күреске қатысты міндеттер де қозғалды.
“Одақ тартымды инвестициялық ахуалды, тауар айналымының ашық шарттарын, сондай-ақ адал бәсекелестікті қамтамасыз ету үшін көлік және сауда саласындағы цифрландыруды дамытудың маңыздылығына негізделген”, - деді Владимир Серпиков.
Форумды Түркіменстанның қаржы және экономика министрлігі, сыртқы істер министрлігі және ауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырды.