Алматыда әскери қызметкердің мәйіті табылды

Полиция адамды өзiн-өзi өлтiруге дейін жеткiзу бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр
Sputnik
АЛМАТЫ, 13 қыркүйек – Sputnik. Алматыда құрлық әскерлері әскери институтының аумағынан 44 жастағы сержанттың денесі табылды. Ақпаратты ішкі істер министрлігі растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Бұл факт негізінде Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексi 105-бабы 1-бөлігі "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бойынша іс қозғады. Полиция жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы адамды өзiн-өзi өлтiруге дейін жеткiзу бойынша тергеу жүргізіп жатыр", - дейді ведомство.
Әскери институт бұдан өзге ақпарат бермеді.
Айта кетері, Құрлық әскерлерінің әскери институты – ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орны.