АЛМАТЫ, 13 қыркүйек – Sputnik. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 25 шақырымдық Аламан бәйгегеде қазақстандық екі тұлпар жүлделі орынды иеленді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
Аламан бәйгеге 27 шабандоз қатысты. Соңғы айналымда 7 ат қана қалды. Мәре сызығын бірінші болып "Айқабақ" кесті. "Жұмыртұяқ" екінші болып келсе, қырғызстандық сәйгүлік – "Қара қыз" үштікті түйіндеді. Қазақстан қоржынында бір алтын, бір күміс бар.
1-орын: "Айқабақ", шабандоз – Аңсар Арыстанбек, бапкері – Сапарғали Сәтбаев, ат иесі – Жамбыл Бөбекбай (Қазақстан);
2-орын: "Жұмыртұяқ", шабандоз – Хамза Аманкелді, бапкері – Марат Ақберлинов, ат иесі – Марлан Бектенов (Қазақстан);
3-орын: "Қара қыз", шабандоз – Нурэл Элесов, бапкері – Нұрбек Керімбеков, ат иесі – Изат Сырғақ уулу (Қырғызстан).