Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Польша Еуроодақты украиналық босқындарға жәрдемақы төлеуді тоқтатуға шақырды

Sputnik
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. ЕО украиналық босқындарға жәрдемақы төлеуді жалғастыра отырып, Украинаның мобилизациялау әлеуетін төмендетеді, деп мәлімдеді Польша сыртқы істер министрі Радослав Сикорский француздық Monde газетіне берген сұхбатында.
Ол ЕО елдерін олардың қолдаудан бас тартуға шақырды, деп хабарлады РИА Новости.
“АҚШ Конгресінің Украинаға көмек көрсетуді кешіктіруі сәтсіз болды, бірақ Украинаның мобилизациялау туралы заң қабылдаудағы кешігуі де сәтсіз болды. Ал біз украиналық босқындарға жәрдемақы төлеу арқылы оның мобилизациялау әлеуетін азайтып жатырмыз”, - деді ол.
Министр Польша украиндарға әлеуметтік жәрдемақы төлеуді тоқтатқанын еске салды.
"Егер оларды босқын ретінде ЕО қорғайтын болса, олар поляк жүйесінде тіркелген әрбір бала үшін айына 200 еуро алады. Батыс Еуропада басқа да өтемақылар алады. Бұл жас жігіттер мен қыздардың елін қорғау үшін елге оралуына қаржылық кедергі жасайды. Біз мұндай бағынбаушылықты субсидияламауымыз керек”, - деді Сикорский.
Польша бұған дейін украиналық босқындарды қолдау бағдарламасының күшін жойған болатын. Бұрын Украинадан келген босқындарды өз үйлерінде орналастырған Польшадағы үй иелеріне әр адам үшін күніне 40 злотыйдан (шамамен 10 доллар) төленетін. Босқындардың өздері үшін 300 злотый (шамамен 75 доллар) көлеміндегі біржолғы төлемдер де тоқтатылды.