АСТАНА, 12 қыркүйек - Sputnik. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Германиядағы БАҚ-тың "Солтүстік ағынға" қатысты ақпаратына сенбейтінін айтты, деп хабарлады РИА Новости.
Еске салайық, неміс бұқаралық ақпарат құралдары газ құбырларын "әуесқой сүңгуірлер" жарып жіберген деп жазды. Олар Германия прокуратурасы газ құбырындағы жарылыстарға қатысты Украина азаматын қамауға алуға шара қабылдағанын хабарлаған. Басылымдардың бірінде оның суреті жарияланып, ол Киевтен келген сүңгуір Владимир Журавлев екені анықталды. Қылмысты жүзеге асыру кезінде онымен біргеәйелі де болғаны айтылды.
"Егер кімде-кім бұл нұсқаға сенетін болса, онда олар шындықтан қорқатындары және Киевтің қылмысын ақтауға тырысып жатқандары анық", - деді Лавров дипломатиялық миссиялардың басшыларымен кездесуде.
Ресейлік министр Мәскеудің Берлинге, сондай-ақ Дания мен Швецияға "Солтүстік ағындардағы" жағдайға қатысты көптеген сұрау жолдағанын, олардан жауап алынбағанын айтты.