"Едені шіріп кеткен": Алматы облысында оқушылар көрші ауылдың мектебінде оқып жүр

Sputnik
АЛМАТЫ, 12 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ащыбұлақ ауылының оқушылары көрші ауылдың мектебіне барып оқып жүр. Өйткені мектептегі күрделі жөндеу жұмыстары бітпеген. Мәселенің мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.
Ащыбұлақ ауылындағы мектепке күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр
Алматыдан 100 шақырымдай жерде орналасқан Ащыбұлақ ауылының мектебі 1978 жылы салынған. Содан бері ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалып келген, бірақ күрделі жөндеу көрмеген. 45 жылда бірінші рет күрделі жөндеу жасалып жатыр. Бұл Ащыбұлақ ауылының тұрғындары үшін ақ түйенің қарны жарылған қуанышпен тең.
"Мектеп тым тозып кеткен еді. Едендерінің бәрі ағаш. Қазір оқушылар мына көрші ауылға қатынап оқып жатыр. Аса бір қиындық жоқ. Бастысы сол мектебіміз жаңарса болды, балалар оқымай қалып жатқан жоқ, оқып жүр. Жөндеу жұмыстары біткенше күтеміз ғой", - деп Ащыбұлақ ауылының тұрғындары сабырлық танытып жүр.
Негізі мектеп 640 оқушыға арналған.
Ащыбұлақ ауылындағы мектепке күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр
"Шілде айында "Капитал Строй Сервис Групп" ЖШС-мен келісім шарт бекітіліп, бүгінгі күні күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, желтоқсан айында аяқталады деп жоспарланған. Қазіргі күні бұл мектептің 644 оқушысы 4 шақырым жердегі Қазақстан ауылындағы Ж.Қайыпов атындағы орта мектепте оқып жатыр. І ауысымда 334 оқушы, ІІ ауысымда 310 оқушы. Тасымалдаушы "Ақ жол Агротранс" ЖШС 55 орындық екі автобус бөлді", - дейді Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімі.
Қазақстан ауылында 900-ден астам оқушы бар. Бірақ мұнда екі бірдей білім ғимараты тұр. Қазақстандық оқушылар үш қабатты жаңа мектепте, ал Ащыбұлақ оқушылары екі қабатты бұрыңғы ғимаратта білім алып жатыр.
Ащыбұлақ ауылындағы мектепке күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр
"Оқушылардың бір де бірі сабақтан қалып жатқан жоқ, уақтылы білім алып жатыр. Автобус та жеткілікті. Екі ауысыммен оқып жатыр", - дейді А.Бубенцов атындағы орта мектеп мұғалімдері.
Ал мектепті жөндеп жатқан мердігер 45% жұмыс біткенін айтады. Мектеп ғимараты әбден тозып кеткен.
"Шілденің басында жұмысты бастадық. Ғимараттың шатырын, бүкіл іші-сыртын түгел жөндеп жатырмыз. Едені ағаш болған, шіріп кеткен. Көктің иісі шығып кеткен. Соның бәрін алып тастап, 1 метрдей толтырдық, үстінен бетон пол жасадық. Құрылысты жасағаннан кейін сапалы етіп жасау керек. Мектепті жөндеп болған соң ауланы абаттандырамыз", - дейді мердігер мекеме жетекшісі Нұрлан Асқарұлы.
1 / 7
Ащыбұлақ ауылындағы мектепке күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр
2 / 7
Ащыбұлақ ауылындағы мектепке күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр
3 / 7
Ащыбұлақ ауылындағы мектепке күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр
4 / 7
Ащыбұлақ ауылындағы мектепке күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр
5 / 7
Ащыбұлақ ауылындағы мектепке күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр
6 / 7
Ащыбұлақ ауылындағы мектепке күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр
7 / 7
Ащыбұлақ ауылындағы мектепке күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр
Мердігер құрылысшы жарықшақ пайда болған қабырғаларды бұзып, қайтадан кірпіш қалаған. Айтуларынша, желтоқсанға дейін созбай, мүмкіндік болса құрылысты ертерек бітіруге тырысады.
Ал аудандық білім бөлімі бір ғана Ащыбұлақ емес, ауданда дәл осындай үш мектепте күрделі жөндеу жүргізіліп жатқанын айтты.