Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: төртінші жарыс күнінде Қазақстан 21 медаль жеңіп алды

Sputnik
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының төртінші жарыс күнінде 6 алтын, 7 күміс, 8 қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
Жалпы есепте Қазақстан қоржынында 27 алтын, 17 күміс, 25 қола жүлде бар.
Екінші орынды 11 алты, 12 күміс, 9 қола медаль жеңіп алған Өзбекстан спортшылары иеленді.
Үздік үштікке Қырғызстан құрамасы енді (10 алтын, 13 күміс, 15 қола)
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлделер кестесі