Ақмола облысында білім бөлімінің қаражатын жымқырған бухгалтер сотталды

Ол кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан шектелді
Sputnik
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Ақмола облысында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін бухгалтер сотталды, деп хабарлады облыстық прокуратура.
Целиноград ауданының прокуратурасы білім бөлімін тексеру барысында жалпы сомасы 5,8 млн теңгеге бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.
"Мекеменің бухгалтері өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып жалған құжаттар жасағаны және шоттарына ақшалай қаражатты негізсіз есептеген фактілерін жасырғаны анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, пробациялық бақылау белгіленіп, 3 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарылды.
Залал сомасы мемлекет бюджетіне қайтарылды.
Жетісай қаласында білім бөлімі басшы есепшілері мемлекет қаржысын жымқырған