Қырғызстанда ҰҚШҰ оқу-жаттығуларының белсенді кезеңі аяқталды

Қырғызстанда ҰҚШҰ-ның "Өзара іс-қимыл-2024", "Іздеу-2024", "Эшелон-2024" оқу-жаттығуларының белсенді кезеңі аяқталды
Sputnik
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Қырғызстанда ҰҚШҰ-ның "Өзара іс-қимыл-2024", "Іздеу-2024", "Эшелон-2024" оқу-жаттығуларының белсенді кезеңі аяқталды, деп хабарлады ұйымның баспасөз қызметі.
Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, "жау" шекаралық аймақтағы аумақтың бір бөлігіне шабуылдап, бірқатар елді мекенді басып алды. Қысқа мерзімде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери контингенттері "содырлар" басып кірген аймаққа орналастырылды.
"Содырлардың" жүріп-тұру бағыттарын анықтау үшін Ресей Қарулы күштерінің "Суперкам" ұшқышсыз ұшқыш аппараты қолданылды.
Оқу-жаттығу барысында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Су-30СМ ұшағымен жаудың алға жылжып келе жатқан негізгі күштеріне әуе соққылары және Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің "Орион" ұшқышсыз ұшу аппаратымен зымыран соққысы жасалды.
Қырғызстан, Беларусь, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан Қарулы күштерінің рота-тактикалық топтары Қазақстан Қарулы күштерінің Ми-17 армиялық авиациялық тікұшақтарының және Қырғызстан Қарулы күштерінің Ми-8 МТВ тікұшақтарының қолдауымен елді мекендерге жақындаған "жаудың" күштерін бөгеу және жою жаттығуларын жүргізді.