Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан асық атудан жеңімпаз атанды

Қазақстан ерлер құрамасы финалға дейін Өзбекстан, Испания, Грузия, Мажарстан және Монғолия құрамаларын жеңді
Sputnik
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Асық атудан Қазақстан ерлер құрамасы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
А тобында қарсылас шақ келтірмей алғашқы орынмен ақтық сынға жолдама алған Қазақстан ерлер құрамасы Қырғызстанмен кездесті. Алау мұз айдыны кешенінде өткен финалдық ойында отандық асықшылар қарсыластарын 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Айта кетері, асық атудан Қазақстан ерлер құрамасы топтық кезеңде Өзбекстан, Испания, Грузия, Мажарстан және Монғолия құрамаларын 3:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алған болатын.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан қоржынында қанша медаль бар