АЛМАТЫ, 11 қыркүйек – Sputnik. Ақмола облысында некеге тұрған 20 шетелдік әйел Қазақстан Республикасының азаматтығын алды, деп хабарлады Polisia.kz.
Олардың қатарында Әзербайжан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның бұрынғы азаматтары бар.
Рәсімнен өту үшін оңайлатылған тәртіппен ҚР азаматтығын қабылдау туралы өтініш беру қажет, оны жұбайы облыстық полиция департаменті бастығының атына және бір мезгілде азаматтық мәселелері бойынша келген шешім қабылдайтын мемлекеттің лауазымды адамға береді.
Сондай-ақ шетел азаматтығынан нотариалды куәландырылған жазбаша бас тарту қажет, барлық құжат тұрақты тұратын жері бойынша көші-қон қызметі бөлімшесіне ұсынылады.