АЛМАТЫ, 10 қыркүйек – Sputnik. "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" жаңа заң күшіне енгелі бір жыл болды. Бір жылда 77 әкімшілік ісв қозғалған. Бір жылда болған өзгерістер туралы Ranking.kz жазды.
Заңның негізгі жаңалығы - барлық онлайн-платформа пайдаланушыларына жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілік тарту. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте "фейктер" үшін жауапкершілікті көздейтін жеке бап пайда болды.
ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметтеріне сәйкес, биыл қаңтар-шілде айларында ӘҚБтК-нің 456-2-бабы "жалған ақпаратты орналастыру, тарату" бойынша 77 әкімшілік іс тіркелген.
Блогерлердің "фейктеріне" келетін болсақ, осындай 5 құқық бұзушылық тіркеліп, 2 адам жауапқа тартылды.
Жалпы жеті айда барлығы 2,8 млн теңге айыппұл өндірілді.