АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Украинаға Батыс қару-жарағын жеткізу мәселесі бойынша Ресей жұма күні БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізуді сұрады, деп хабарлады Ресей Федерациясының ұйымдағы тұрақты өкілінің бірінші орынбасары Дмитрий Полянский, деп хабарлады РИА Новости.
Дипломаттың айтуынша, сәрсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Эквадор мен Францияның өтініші бойынша Украинадағы дағдарыстың гуманитарлық аспектілерін талқылайды.
“Жауап ретінде біз 13 қыркүйекте Нью-Йорк уақыты бойынша сағат 10.00-де Киев режиміне батыстық қару-жарақ жеткізу туралы жиналыс өткіземіз”, - деп жазды Полянский Telegram-каналында.
“Сонымен қатар, алда БҰҰ Бас Ассамблеясының қарқынды апталығы (24-27 қыркүйек) бар. Сондықтан АҚШ-тың қатысуымен өтетін қандай да бір іс-шара болуы әбден мүмкін”, - деді ол.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қаруы бар кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын айтты. Оның айтуынша, АҚШ пен НАТО қақтығысқа тікелей қатысып отыр, оның ішінде тек қару-жарақ жеткізу ғана емес, сонымен бірге Ұлыбритания, Германия, Италия және басқа да елдерде кадрларды дайындап жатыр.