АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Бірыңғай Ресей құрамасы алғашқы алтынды жеңіп алды. Оны садақ атудан Анна Алексеева жеңіске жетті. Бұл жарыста барлығы 120 ер адам мен 60 әйел бақ сынады.
Бұған дейін көкпарда ресейліктер Қытай құрамасын 4:1 есебімен ұтқан болатын.
Игры кочевников в Астане. Состязания: Россия - Китай
© Sputnik / Санат Имангалиев
Сондай-ақ спортшы Айсен Ататыров мас-рестлингтен әлем чемпионы Елдос Айтбаевты жеңіп, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Ресейге екінші алтынды әкелді.
Еске сала кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада қыркүйектің 8-і мен 13-і аралығында өтуде. Ойындарға 89 мемлекет қатысатынын растады, 2,5 мыңнан астам спортшы келеді деп күтілуде. Ұйымдастырушыларға 1,3 мың ерікті көмек көрсетеді.