АЛМАТЫ, 10 қыркүйек – Sputnik. Әлеуметтік желіде әскери қызметшілер Атырау облысы прокуратурасының ғимаратын жөндеу жұмыстарына тартылды деген ақпарат тарады. Мұны облыстық прокуртура жоққа шығарып, Sputnik Қазақстан тілшісіне оқиғаның мән-жайын түсіндірді.
Ведомствоның мәліметінше әскерилер ешқандай жөндеу жұмысын жүргізбеген, бірақ құрылыс заттарын тасыған. Әлеуметтік желіде жарияланған видеода осы сәт бейнеленген.
"Атырау облысының прокуратурасы "Мемлекеттік мүлік туралы" заңның негізінде ҚР ҰҚК шекара қызметі департаментіне тауарлық-материалдарды тапсырды. 9 қыркүйекте ҚР ҰҚК шекара қызметі департаменті Атырау облысы бойынша берілген тауарларды тиеді. Облыс прокуратурасы ғимаратын жөндеу жұмыстарына әскери қызметшілер тартылған жоқ", - дейді ведомство.
Прокуратура тұрғындарға жалған ақпарат таратпауды және ресми дерек көзіне ғана сенуге шақырды.