Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешудің жобасы әлі анықталған жоқ – Песков

Sputnik
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешудің жобасы әлі анықталған жоқ, Батыс тарапынан ешқандай мәлімдеме жоқ, деп мәлімдеді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
"Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге келетін болсақ, әзірге іс жүзінде ешқандай жоба байқалмайды. Біз Еуропа елдерінен әртүрлі мәлімдемені естіп жатырмыз. Бірақ осы процеске тікелей ықпалы бар тараптан бұл мәселе бойынша ешқандай мәлімдеме естімедік", - деді Песков.
Бұған дейін РФ президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Украинаның Курск аймағына шабуылы аясында Ресей дәл қазіргі кезеңде диалог жүргізбейді деп мәлімдеді.
Ресей бұған дейін Украинаға қару-жарақ жеткізілуіне байланысты НАТО елдеріне ескерту жіберген. Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Украинаға қару-жарақ жіберген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысана болатынын айтты.
Ресей Федерациясының сыртқы саясат ведомствосы НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізу арқылы "отпен ойнап отыр" деп мәлімдеді.