Қызылорда облысында аудандық прокуратура 40 мың тұрғынның құқығын қорғады

Қадағалау органдары тарифтің негізсіз көтерілгенін анықтады
Sputnik
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Қызылорда облысы Арал ауданының прокуратурасы 40 мың тұрғынның құқығын қорғады. Олардың арасында заңды тұлғалар да бар.
Арал ауданының прокуратурасы мәслихаттың шешімімен бекітілген тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта жарату бойынша тарифтердің заңдылығына талдау жүргізді.

"Талдау арқылы тарифтің негізсіз көтерілгені анықталды, тұтынушылардан төлем заңсыз алынған", - деп хабарлады Қызылорда облысының прокуратурасы.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аудандық мәслихат жаңа шешім қабылдады. Онда тұрмыстық қатты қалдықтар бойынша тарифтер төмендетілді.
Елімізде коммуналдық тариф қымбаттайды