Ел қоржынына тағы 2 алтын медаль түсті

Бұған дейін қазақша күрестен Айжан Жылқыбаева жеңімпаз атанған болатын
Sputnik
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасының мүшелері Ермек Құралбай мен Алмат Ләтіпбек аударыспақтан топ жарды.
Отандастарымыз 60 келі және 70 келі салмақта өнер көрсетті.
Еске сала кетейік, бұған дейін қазақша күрестен Айжан Жылқыбаева жеңімпаз атанған болатын.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 89 елден 2430 спортшы мен жаттықтырушы келді. Сондай-ақ Қазақстанға 100 мың турист келеді деп жоспарланып отыр.
Спорттың 21 түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: қазақша күрестен Айжан Жылқыбаева "алтын" алды