Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: қазақша күрестен Айжан Жылқыбаева "алтын" алды

Sputnik
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына қазақша күрестен алғашқы алтын медалді Айжан Жылқыбаева салды.
Ол 48 келіге дейінгі салмақта күресіп, финалда қырғызстандық спортшы Луиза Асакееваны жеңді.
Еске сала кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 89 елден 2430 спортшы мен жаттықтырушы келді. Сондай-ақ Қазақстанға 100 мың турист келеді деп жоспарланып отыр.
Спорттың 21 түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Инфографика
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: сандар сөйлейді