АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ашылу рәсімінде заманауи көшпенділер туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ашылу рәсімі
© Photo : Ақорданың баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы көшпенділер үшін өмір мәңгілік қозғалыс екенін ерекше атап өтті. Жаңалыққа жаны құмар, түрлі мәдениеттерге ашық, тумасынан қайсар халық.
"Көшпенділердің ұлы көші ешқашан тоқтамайды. Мыңдаған жылға жалғасқан осы көш қазір басқаша сипатқа ие болды. Көшпенді өмір қайта жаңғырды. Жаһандану дәуірінде ешқандай шекара жоқ. Бір сөзбен айтсақ, қазір заманауи көшпенділер пайда болды. Біз білім алып, жұмыс істеу үшін қоныс аударамыз, басқа елдерге саяхат жасаймыз. Бұл дәуірде біз еркіндік рухын сақтай білуіміз керек. Жаңа заманның жақсы қасиеттерін бойға сіңіру керек. Біз даңқты көшпенділердің мұрагеріміз, батыр бабалардың ұрпағымыз. Олар ел мен жерді қорғап, ұлан-ғайыр даланы бізге аманат етті", - деді Тоқаев.
Ал ата-бабалардың қастерлі мұрасын көздің қарашығындай сақтап, жас буынға табыстау бәрімізге ортақ парыз.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ашылу рәсімі
© Photo : Ақорданың баспасөз қызметі
"Көшпенділер ойындары – осындай игі мақсаттан туған бірегей жоба. 10 жыл бұрын осы жарысты алғаш рет ұйымдастырған қырғыз бауырларға алғыс айтамын ", - деп атап өтті Қазақстан президенті.