АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Жарыс күндері қалалық емханалар мен ауруханалар штаттық режимде жұмыс істейді және қажетті медициналық көмек көрсетуге дайын болады, деп хабарлады Астана қалалық әкімдігі.
Резервтік бейінді палаталарды бөліп, шұғыл медициналық көмек көрсетуге толық дайындық қамтамасыз етілді.
"103 қызметі диспетчерлер мен жедел жәрдем бригадаларының үздіксіз жұмысын жалғастыруда. Өтініштер мен қоңырауларды қабылдау тәулік бойы қабыладанады," - делінген хабарламада.
Елордалық стационарлар әдеттегідей белсенділігін төмендетпей, тәулік бойы жұмыс істейді.