АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының теміржол фитосанитарлық посттарында аумақтық инспекция Ресей Федерациясының Саратов облысынан келген 4 вагон бидайды (251 тонна) тауып, кері қайтарды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, вагондар Талдықорғанға бағытталған.
Бұл факт дәнді дақылдардың контрабандасы әрекеттерінің жалғасып жатқанын көрсетеді.
Еске сала кетейік, ішкі нарықты қорғау және дәнді дақылдарды қайта экспорттау фактілерін болдырмау үшін 2024 жылдың 26 шілдесінде Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысында Қазақстан аумағына үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен келетін бидайды барлық көлік түрлерімен әкелуге 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін тыйым салу туралы шешім қабылданды.
Бұл шешім Қазақстан аумағы арқылы бидайдың транзитін қоспағанда, күшіне енеді.