Қырғызстан президенті Астанаға келеді

Ол көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысады
Sputnik
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Астанаға 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына келеді.
"Президент 8 қыркүйекте 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Қазақстанға жұмыс сапарымен барады", - деді Қырғызстан президенті әкімшілігінің сырты саясат бөлімі басшысының орынбасары Муратбек Азымбакиев.
Айта кетері, Қырғызстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына бастамашы болған. 2014 жылы ең бірінші ойындар осы елде өтті.