АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Қарашығанақ кен орнында газды кері айдаудың бесінші компрессоры іске қосылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан энергетика министрлігіне сілтеме жасап.
Аталған маңызды жоба кен орны инфрақұрылымын жаңғырту мен кеңейтудің жалғасы болып саналады.
"Мұнай және газ өндіру бойынша әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі Қарашығанақ елдің энергетика саласында шешуші рөл атқарады. Жаңа компрессорды пайдалануға беру газды қабатқа қайта айдау көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Өндіру деңгейін ұстап тұруға және кен орны жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал етеді", - делінген ресми хабарламада.
Бесінші компрессор мерзімнен бұрын іске қосылып отыр.