Паралимпиада-2024: 7 қыркүйекте жарыс жолына кімдер шығады

Қазақстан қоржынында 7 медаль бар
Sputnik
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Бүгін Парижде қазақстандық тоғыз паралимпиадашы өнер көрсетеді.
Пара дзюдо
12:30: Ғалымжан Смағұлұлы, Ерлан Өтепов, Бауыржан Арыстанбеков, Зарина Райфова, Жұрқамырза Шүкірбеков
Пара каноэ
13:14 – Бейбарыс Сыпатай
13:49 – Жаңыл Балтабаева
Пара пауэрлифтинг
15:00 – Раушан Қойшыбаева
16:35 – Рахметжан Хамаев
Паралимпиаданың тоғызыншы жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 2 алтын, 3 күміс, 2 қола жүлде бар.