АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен X әлеуметтік желісінде Украинаның жаңадан тағайындалған ыртқы істер министрі Андрей Сибигамен сөйлескенін хабарлады.
"Мен Украинаның жаңадан тағайындалған сыртқы істер министрі Андрей Сибигамен сөйлестім. Ол – бұрыннан келе жатқан серіктес және біз оның алдындағы адам бастаған жемісті жұмыс пен тығыз ынтымақтастықты жалғастыратынымызға сенімдімін Алдағы апталарда онымен өтетін жеке кездесуді күтемін", - деп жазды Блинкен өз парақшасында.
Өз кезегінде украин СІМ басшысы Андрей Сибига Блинкенмен сөйлескенін растады.
"Біз әскери көмек жеткізуді жеделдету, бейбітшілік формуласын енгізу және Ресейге қарсы санкцияларды күшейту жолдарын талқыладық", - деп жазды Сибига Х әлеуметтік желісінде.
Бұған дейін Украина парламенті жұмыстан босатылған Дмитрий Кулебаның орнына СибиганыУкраинаның сыртқы істер министрі етіп тағайындаушешімінқолдады.