Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Батыста Украинаға төніп тұрған қауіп жайында айтылды

Sputnik
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Батыстың бұқаралық ақпарат құралдарында Украинаға үлкен қауіп төніп тұрғанын жаза бастады, деп хабарлайды РИА Новости.
The Spectator басылымы Украина қарулы күштері үшін Крансоармейск қаласынан айырылса, өте ауыр зардаптар болатынын мәлімдеді.
"Одан айырылса, Украина үшін ойсырататын соққы болады. Себебі бұл – темір және автомобиль жолдарының қиылысында орналасқан ірі логистикалық хаб. Ол арқылы Донецк майдан шебінінің бойындағы ауылдар мен қалалар қамтамасыз етіледі. Сондықтан екі жаққа да стратегиялық тұрғыда өте маңызды болып тұр", - делінген мақалада.
Авторлардың айтуынша, ресейлік әскер қаланы алса, барлық аймақ та солардың қарамағына өтуі әбден мүмкін.
Айта кетері, Крансоармейск – Донецктің солтүстік-батысындағы орналасқан аудан орталығы. 2022 жылғы мәліметке сәйкес, қалада 61 мыңнан астам адам тұрған. Донецк пен Днепропетровск облысын жалғайтын темір және автомобиль жолдары сол арқылы өтеді. Сондай-ақ, Красноармейск арқылы Крамоторск пен Славянскке теміжол қатынасы бар.